Нью-Джерсидегі жарылыс орнынан тағы бір бомба табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция Нью-Джерсидегі жарылыс орнынан тағы бір бомба тапты, деп хабарлады NJ.com жаңалықтар сайты Ошн округы прокурорының өкілі Эла Делла Фейваға сілтеме жасап.

Қолдан жасалған екінші бомбаның жарылған-жарылмағаны әзірге айтылмай отыр. Телеарнаның хабарлауынша, полиция үшінші жарылғыш құрылғыны іздестіруде, деп жазды РИА Новости.

Бұдан бұрын темір құбырлар және жарылғыштар топтастырылған құрылғы жарыс өтуі тиіс трасса жанындағы  қоқыс жәшігіне орналастырылғаны хабарланған болатын. Ол шамамен жергілікті уақыт бойынша  09:30-да іске қосылды.