Биылғы жылғы таңдауды қазылар алқасы құрамындағы әлемнің 22 елінің көлік саласында қалам тербеп жүрген 69 журналисті жасады.
Қазылардың сөзіне қарағанда, А3 шанағының түрлі нұсқасымен және қозғалтқыштарының бірқатар түрімен люксті ықшам көліктер арасында алдыңғы орынға шығып отыр. Сонымен қатар Нью-Йорктегі автосалонда үздік спорттық автокөлік атауына Porsche 911 GT3 ие болды. Ал BMW i3 электромобилі «Үздік экологиялық таза көлік» және «Үздік дизайн» аталымдарында жеңіске жетті. Биыл Нью-Йорк автосалонында алғаш рет люкс санатындағы үздік көлік таңдалды. Бұл аталымда жаңа Mercedes-Benz S-Class лайық деп танылды.