Нью-Йорк биржасында мұнай бағасы 83,70 доллар/баррельге дейін көтерілді

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат - Сәуірдің 22-сіндегі сауданың қорытындысы бойынша Нью-Йорк биржасында Light Sweet маркалы мұнайдың бағасы 0,02 долларға көтерілді, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Сөйтіп, мұнайдың бағасы 83,70 доллар/баррелді құрады.