Жергілікті бизнесмендердің форумға үлкен қызығушылығын әлемдік экономиканың дамуы барысы жайында ақпарат алумен қатар, екі елдің арасындағы іскерлік қатынастарды дамытуға деген ұмтылысымен де түсіндіруге болады.
Осыған байланысты ТМД елдерімен қарым-қатынастар мәселесінің маманы, АҚШ-тың экс-конргессмені Курт Велдонның баяндамасы үлкен қызығушылық тудырды. Ол америкалық кәсіпкерлерді Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға шақырды.
«Егер де сіздер XXI ғасырда бизнестеріңіздің өсуін қаласаңыздар, онда Қазақстанға міндетті түрде барып қайтқан жөн. Осы орайда сіздерді Астанаға ұшақ билеттерін брондап, алдын ала қонақүйлерден орындарды белгілеп қоюға шақырамын»,- деді ол.
Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубының вице-президенті Динара Қаршалова Астана экономикалық форумының мақсаты мен міндеттері жайында егжей-тегжейлі таныстырып өтті.