Ұшқышқа тікұшақты Стюарт әуежайына қондыра алудың сәті түсті. Ешкім зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Эй-би-си телекомпаниясы.
Олардың дерегіне сүйенсек, куәгерлер тікұшақтың қою түтінге оранып, қонғанын көрген. Оқиғаның мән-жайы айтылмай отыр.
Куомо көмекшілерімен бірге штаттың астанасы Олбани қаласынан қайтып келе жатқан. Сәрсенбі күні губернатор штаттың заңнамалық ассамблея мүшелерінің алдында бағдарламалық сөз сөйлеген еді.