АСТАНА. Тамыздың 4-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Нью-Йорк қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нью-Йорк қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы тиісті жарлыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілденің 27-інде қол қойды», -деді І. Омаров.
Оның айтуынша, Бас консулдықтың ашылуы консулдық қызмет бойынша мәселелерді шешуге және екі ел азаматтарының жүріп-тұруы мен іскерлік байланыстардың сапалы орындалуына жәрдемдеседі, сондай-ақ Қазақстанның сауда-экономикалық мүдделерін ілгерілетуге мүмкіндік береді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.