Нью-Йорк суретшілері айналмалы дөңгелектің ішіне үй салды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық екі суретші айналмалы дөңгелек үйді ойлап тапты. Өнертапқыштар бруклиндік мұражайға қойылған «өз үйлерінде» бір жарым апта тұрып, келушілерге өздері ойлап тапқан тұрғын үй мәселесін шешудің оңтайлы әдісін таныстырады, деп хабарлайды Корреспондент.net.

Суретшілер Алекс Шведер мен Уорд Шилли диаметрі сегіз метрлік дөңгелек құрылымды тұрғын үйге айналдырған. Салмағы шамамен екі тонна болатын құрылымды олар өздері жасапты. Үйдегі бөлмелердің бірі дөңгелектің ішінде, енді бірі сыртында орналасқан.