Нью-Йорк тауар биржасы мұнай бағасының қымбаттауымен жабылды

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Бірыңғай еуропалық валютаға қатысты доллардың айырбас бағамының төмендеуі АҚШ-та мұнай бағасының көтерілуіне әкелді. Дүйсенбіде Нью-Йорк тауар биржасының жабылуы кезінде қара алтынды желтоқсан айында қамтамасыз етудің фьючерстік келісімшарты 83 центке жоғарылап, 82,52 доллар/баррель бойынша сатылды, деп хабарлайды Вести.ру.

Көмірсутегі шикізатының бағасы доллар бағамына тікелей қатысты. Доллардың арзандауы басқа валютамен операциялар жасайтын инвесторлар үшін өте тиімді, өйткені мұнай бағасы өсе бастайды.

Өткен дүйсенбіде еуроға қарағанда доллар бағасы төмендtді.