Нью-Йорк тұрғындары Трампқа қарсы наразылық білдіруде

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Нью-Йорк тұрғындары Дональд Трамптың президенттік сайлаудағы жеңісіне қарсы наразылық білдіруде, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА-ның арнаулы тілшісі.


Акция Фейсбук әлеуметтік желісінің көмегімен ұйымдастырылды. Оған 10 мыңнан астам пайдаланушы қатысуға тілек білдірді. Қатысушылар қолдарына транспарантпен ұран айтып шеруге  шығады.  Мұндай митингтер  Филадельфия (Пенсильвания), Сиэтле (Вашингтон), Чикаго (Иллинойс), Окленде (Калифорния) қалаларында өтіп жатыр.

 

Еске салсақ, Республикалық партиядан Дональд Трамп АҚШ президенттігіне сайлауда жеңіске жетті. Дауыстарды есептегеннен кейін 40-тан астам штаттарда ол 276 дауыс жинады. Демократиялық партиядан Хиллари Клинтон 215 дауыс жинады.

 

Ал, ҚР Президент Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа Америка Құрама Штаттарының 45-ші Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.