Нью-Йорк тұрғыны 39-шы қабаттан құлап, аман қалды

АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Өмірімен қоштаспақ болып, Манхэттендегі биік үйдің 39-шы ғимаратынан секірген Нью-Йорк тұрғыны Томас Мэйджил аман қалды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Төменде тұрған автокөліктің артқы орындығына құлаған Мэйджил екі аяғын сындырып алған, қазір ол ауыр жағдайда ауруханада жатыр. Полиция өкілінің айтуынша, бейбақ 140 шақырым-сағат жылдамдықпен құлап, «Додж» көлігінің төбесін тесіп өткен.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың желтоқсан айында Нью-Йоркте терезе жуушы Алкайдес Морено деген азамат 47-ші қабаттан құлап кетіп, аман қалған болатын. Оны құтқарып қалған дәрігерлер, Морено әлі өз аяғымен жүріп кетеді деген үмітте.