Нью-Йорк тұрғыны ажыраспай жатып 10 рет некеге тұрғаны үшін сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорк тұрғыны бір рет те ажыраспай, 10 рет күйеуге шыққаны үшін айыпталып отыр. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Бронкс аймақтық прокуроры нәзік жандының 11 жыл ішінде 10 рет күйеуге шыққанынан хабардар етті. Тергеу кезінде әйелдің некесін екі рет Бронксте, сонымен қатар Вестчестер және Лонг-Айленд округтерінде ресімдегені белгілі болды. Әйел 10-шы рет некеге тұрып жатқан кезінде ұсталған.