Нью-Йоркке сапармен барған Замбия президенті ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Замбия президенті Майкл Сата Нью-Йорк ауруханаларының біріне жатқызылды.

Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады. 77 жастағы президенттің қандай жағдайда ауруханаға түскені әзірге белгісіз.

Оңтүстік Африка елінің басшысы АҚШ-қа БҰҰ Бас Ассамблеясының 69-сессиясының жалпы саяси пікірталасына қатысу үшін келген. Ол өткен сәрсенбі күні сөз сөйлеуі керек болатын.

Бейсенбі күні президентке қонақ үй нөмірінде медициналық көмек көрсетілді. Кейінірек Сата ауруханаға жіберілді.