АСТАНА. ҚазАқпарат -Нью-Йорк қаласында Бүкіләлемдік бокс суперсериясы өтеді, ол ағымдағы жылдың қыркүйегінде бастау алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат dodasport.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар оның әлемдегі ең үлкен турнирге айналатынына сенімді.
Жеңімпаз боксшы «Muhammed Ali» трофейі мен 50 млн доллар сыйақы алады.
Ширек финалдан басталатын кездесулер қыркүйек және қазан айында өтеді. Жартылай финал - келесі жылдың қаңтар және ақпан айларына, ал финалдық кездесу 2018 жылғы мамырға жоспарланған. Жарыс екі салмақ дәрежесі бойынша жүргізіледі.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.