Нью-Йоркта Пикассоның картинасы 41 млн.-нан астам долларға сатылды

АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат - Нью-Йоркта Sotheby's кешкі саудасында Пабло Пикассоның «Қызғалдақтары бар натюрморт» туындысы

41,5 млн. долларға сатылды және импрессионистер өнеріне арналған аукционның топ-лоты болды. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Сауданы ұйымдастырушылар туындыны 35-50 млн. долларға бағалаған болатын. 1932 жылы салынған картина жас суретшінің шабыттандырушысы Мари-Терез Вальтерге арналған. Оның сол уақытта салынған "Жалаңаштанған, жасыл жапырақтар және кеуде" сюрреалистік портреті 2010 жылдың мамыр айында өткен нью-йорктік аукционда сол уақыттағы әлемдік рекордты орнатты. Оны 106,5 млн. долларға сатып алды.