Өрт сөндірушілер тек бір жарым сағат өткеннен кейін ғана тілсіз жауды ауыздықтай алды.
Өрттен қаза тапқан адамдардың ең кішісі екі жаста екендігі белгілі болды. Жергілікті басылым зардап шегушілердің барын хабарлады, бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз. Нью-Йорк мэрі бұл өртті соңғы екі жылда қалада орын алған ең көп қырғынға ұшыратқан өрт деп атады.