Оқиға салдарынан бір адам мерт болып, 32-сі жарақаттанды. Жергілікті полицияның мәліметтеріне қарағанда, ағаш жаңқалары тиелген жүк көлігі тас жолдан түсе беріс жерде тұрған 12 көлікті қағып өтті. Бұдан кейін оған тағы бірнеше көлік соқтығысты, олардың дені өртке оранды. 12 адам, оның ішінде балалар ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта арнайы қызметтер жол-көлік апатының салдарын жоюда. Көліктердің қозғалысы үшін айналма жолдар ұйымдастырылды.