Нью-Йоркте A(H1N1) тұмауының құрбандарының саны 47 адамға жетті
07:57, 10 Шілде 2009
НЬЮ-ЙОРК. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте A(H1N1) тұмауының құрбандарының саны 47 адамға жетті. Қаланың денсаулық сақтау департаменті өкілдерінің бейсенбі күні хабарлағанындай,
соңғы бірер күнде ол індеттен тағы 9 адам көз жұмған.
Дегенмен, департамент өкілдерінің айтуынша, АҚШ-тың ең үлкен қалаларының бірі болып табылатын Нью-Йоркте дәл қазір A(H1N1) тұмауымен «ондаған мың адам ауырып жатуы мүмкін». ҚазАқпарат бұл туралы Utro.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.