Нью-Йоркте A(H1N1) тұмауының құрбандарының саны 47 адамға жетті

НЬЮ-ЙОРК. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте A(H1N1) тұмауының құрбандарының саны 47 адамға жетті. Қаланың денсаулық сақтау департаменті өкілдерінің бейсенбі күні хабарлағанындай,

соңғы бірер күнде    ол індеттен  тағы 9 адам көз жұмған. 

Дегенмен,     департамент өкілдерінің айтуынша,  АҚШ-тың  ең үлкен   қалаларының бірі  болып табылатын  Нью-Йоркте   дәл қазір A(H1N1)  тұмауымен «ондаған  мың адам ауырып жатуы  мүмкін». ҚазАқпарат бұл туралы Utro.ru сайтына  сілтеме  жасап хабарлайды.