Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо АЭС-ке барып, болған оқиғаға қатысты өз алаңдаушылығын білдірді. Себебі станса Нью-Йорк қаласынан небары 65 шақырымда орналасқан.
Бұдан басқа, Гудзон өзеніне стансаның өртке оранған трансформаторынан май төгілгені белгілі болды.
АЭС-ті пайдаланатын Energy Corp компаниясының басшылығы орын алған өртке байланысты станса қызметкерлеріне де, жергілікті тұрғындарға да еш қауіп жоқ екендігін мәлімдеді.