Нью-Йоркте АҚШ-тың басты шыршасы жағылды

АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - Рокфеллер-орталығында Рождество шыршасы сәрсенбі күні кешқұрым мыңдаған көрермендердің көз алдында шырақтарын жақты.

Бұл сәт тікелей эфир арқылы көрсетілді.

«Елдің басты шыршасын» 46 мың түрлі түсті шырақтан тұратын ұзындығы 10 шақырым әшекей (гирлянда) безендіріп тұр. Ағаштың ұшар басына диаметрі үш метр, салмағы 250 келі болатын Swarovski алып хрусталь жұлдыз орнатылды, деп хабарлады «Новости».