Нью-Йоркте әлемдегі ең кәрі ер адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте 111 жасар Александр Имич қаза тапты, ол осы жылғы сәуірде әлемдегі ең кәрі ер адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

ИТАР-ТАСС хабарлағандай, Имич - химик және Парапсихология кітабының авторы. Ол 1903 жылы 4 ақпанда Польшада дүниеге келген. 1939 жылы ұлтшылдар басып кіргеннен кейін әйелімен ол жақтан қашып, біраз уақыттарын КСРО-да өткізеді. 1951 жылы АҚШ-қа қоныс аударады. Ұзақ жасау себебін сұраған журналистерге Имич оның құпиясы спортпен шұғылдану, ішімдіктен бойын аулақ ұстау, тауық еті мен балықтан тұратын тағамдарды тұтынуда екенін айтқан.

Айта кетерлігі, Имич ғаламшардағы ең кәрі адам емес, одан үлкен қазіргі уақытта 60-тан астам әйел бар.