54 жастағы әжесі дүйсенбі күні сәбиді балабақшаға апаруды ұмытып, жұмысына кеткен. Бала құлыпталған көліктің автокреслосында қалған», - делінген полицияның баспасөз хабарламасында.
Сегіз сағат өткеннен кейін әжесі балабақшаға барғанда, бүлдіршінді көлікте ұмытып кеткенін ұғады.
Ауруханада дәрігерлер баланың қайтыс болғанын анықтады.
Аты-жөні аталмаған әжеге қыздың өліміне қатысты айып тағылған жоқ. Тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды New York Post.
АҚШ Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, АҚШ-та жыл сайын орта есеппен 40 бала аптап ыстықта көлікте қалып көз жұмады.
Дүйсенбіде Смиттаундағы ауа температурасы 28 градус Цельсий болғанымен, көлік ішіндегі температура Цельсий бойынша 50 градусқа дейін жетуі мүмкін.