«Төтенше жағдай шектеулеріне түсіністік танытып, карантин режимін сақтап отырғандарыңыз үшін алғыс айтамыз. Карантин режимін бұзған біраз оқиғаны анықтап жатырмыз, бірақ халықтың басым көпшілгі дәрігерлер кеңесіне құлақ асып, үйлерінде қалуда», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
Ол карантин тәртібін сақтау өте маңызды екенін айтты.
«Коронавирус әлемде қалай өршіп жатқанын көріп отырған боларсыздар. Нью-Йоркте әр 17 минут сайын коронавирустан бір адам көз жұмуда. Ауырғандардың жалпы саны әлем бойынша 600 мыңнан асты. Өлім көрсеткіші 4,6%. Бұл жоғары көрсеткіш болып есептеледі», - дейді ол.