Cessna 172 пен SeaRey ұшақтарының қандай себеппен қақтығысқаны әзірге белгісіз. Алғашқы әуе кемесі Ланкастер қаласына құлаған. Оның ұшқышы мен бортында болған бала ажал құшты. Ал екінші ұшақты оның ұшқышы жерге, егіс танабына қондыра алған. Оның өзі де, жанындағы 9 жасар қыз да зардап шекпеген.
Арнайы қызмет оқыс оқиғаны тексеруге кірісті.