Нью-Йоркте балалар алаңында ер адам оқ атты: бес адам жарақат алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің Бруклин ауданында белгісіз ер адам балалар ойнайтын алаңда оқ атты. Жергілікті полицияның хабарлауынша, 15-18 жас аралығындағы бес жарақат алып ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

Бастапқы деректерге сенсек, зардап шеккендердің денсаулығына айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ. Қазір полиция оқиғаны тергеуге кірісті.