Жыл сайынғы жалпы пікірталас 24 қыркүйекте басталып, 1 қазанға дейін созылады, деп хабарлады БҰҰ ақпараттық орталығынан.
Бас Ассамблеяда мінберде алғашқы болып Бразилия мен АҚШ президенттері сөз сөйлейді. Жалпы пікірталас басталмас бұрын БҰҰ Бас хатшысы БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге өзінің Ұйым туралы жыл сайынғы баяндамасын оқиды.