Нью-Йоркте белгісіз адамның атқан оқтары 11 адамға тиді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың ірі қаласы Нью-Йорктың Бруклин ауданында белгісіз адамның оқ атқаны салдарынан 11 адам жарақаттанды, деп хабарлайды PzFeed порталы.

АҚШ-ғы кинотеатрда болған атыс салдарынан екі адам ажал құшты.

Портал мәліметтеріне сәйкес, атыс кешкі отырыстардың бірінде орын алды.

Оқ атқан белгісіз адам оқиға орнынан ізін жасырды.

Post газетінің хабарлауынша, зардап шеккен барлық адамдарға медициналық көмек көрсетілді, төрт адам жергілікті Brookdale госпиталіне жіберілді, жарақат алғандардың бірі ауыр халде жатыр.