Бұл туралы РБК агенттігі хабарлайды.
«Қолға түскен мәліметтерге қарағанда зардап шеккендердің бәрі полицейлердің оғынан немес оқ жарқыншағынан жараланған», - деді қала полициясының бастығы Раймонд Келли.
О сондай-ақ полицейлер Крейг Метьюс пен Роберт Сиништаждың бұрын қызмет бабында қару қолдануда тәжірибесі болмаған, деп қосты.
Еске сала кетейік, 2012 жылғы 24 тамызда жұмыссыз киім дизайнері Джефри Джонсон Empire State Building зәулім үйі жанында үш рет атып, өзінің бұрынғы әріптесін өлтірген. Кісі өлтірушіні маңда жүрген полицейлер қуып кетті. Оны қуып келе жатып, олар 18 рет оқ атты. Шабуыл жасаған қылмыскер өлтірілді, бірақ та өтіп бара жатқан 9 адам жараланды.
Зардап шеккендердің көпшілігі елеулі жарақаттанбаған, алтауы ауруханадан шығып үйлеріне кетті.