Сессияның қауырт жұмысы келесі аптада -- 23 қыркүйекте басталады, Бас ассамблеяда БҰҰ бас хатшысы шақырған климат бойынша бір күндік саммит өтеді. Келесі күні дүниежүзілік ұйымның штаб-пәтерінде БҰҰ 193 мүше-елдерінің, сондай-ақ 2012 жылдан бері бақылаушы-мемлекет мәртебесін иеленген Палестина өкілдерінің қатысуымен жыл сайынғы жалпы саяси пікірсайыс (жалпы жарыссөз) басталады.
24 қыркүйекте Бас Ассамблея мінбесінен АҚШ президенті Барак Обама сөз сөйлейді. Келесі күні Украина президенті Петр Порошенконың сөйлеуі жоспарланған, бұл оның БҰҰ штаб-пәтерінде алғашқы рет болуы.
1 қазанға дейін жалғасатын жалпы саяси пікірсайыстар аясында бірқатар жоғары деңгейдегі кездесулер өтеді. 24 қыркүйекте АҚШ президентінің төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесі халықаралық лаңкестік проблемасы бойынша отырыс өткізеді. 30 қыркүйекте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы гуманитарлық жағдайды талқылайды.