Нью-Йоркте дәстүрлі қомағайлар жарысы өтті

НЬЮ-ЙОРК.  Шілденің 8-і.  ҚазАқпарат - Нью-Йоркте  дәстүрлі қомағайлар   жарысы   өтті,

 деп  хабарлайды ҚазАқпарат  «Ассошиейтед  Пресс»  агенттігіне  сілтеме  жасап.

 Хот-дог  жеу   конкурсының жеңімпазы  биыл  да  калифорниялық  Джой  Честнан  атанды.   Ол  10 минутта     68 хот-дог  асап, рекорд  орнатты және    негізгі  қарсыласы,  жарыстың алты  дүркін  жеңімпазы   жапондық   Такеру  Кобаясиден  озды.

 Джой мен  Такерудің   былтырғы жарысы     тең есеппен  аяқталып,  олар 10 минутта  59 хот-догтан жеген болатын.   Жеңімпазды анықтау  үшін   қосымша уақыт тағайындалып, сол  кезде калифорниялық     озған  еді.