Нью-Йоркте Дәурен Елеусінов америкалық Генри Бекфордты жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов кәсіби рингте тағы бір жетістікке жетті, делінген ВКонтактедегі «Қазақстандық бокс» парақшасында.

Sports.kz хабарлағандай, Нью-Йоркте «BB King Blues Club & Grill» бокс кеші өтті. Онда супер орта салмақта сынға түскен Дәурен Елеусінов (3-0, 2КО) америкалық Генри Бекфордты (2-3) алты раундтық жекпе-жекте төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы кәсіби рингте өткізген үш жекпе-жегінде басым түсті.