Бас консульдықтың таратқан ақпаратында айтылғандай, осы мақсатты жүзеге асыру үшін әлемдегі ең беделді оқу орындарының бірі - Нью-Йорк университетінде қазақ тілінен дәріс беретін қазақ тілі пәнінің мұғалімі Райхан Бексұлтанова жұмысқа тартылды.
Қазіргі таңда оқу курстары апта сайын ақылы негізде өтіп отырады. Оған әртүрлі жастағы 10 бала қатысуда.
Бас консульдық болса оқу жәрдемақысына кететін шығынды өз мойнына алды.