08:02, 18 Мамыр 2009
Нью-Йоркте доңыз тұмауының салдарынан тағы бірнеше мектеп жабылуда
НЬЮ-ЙОРК. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте А (H1N1) тұмауының өршу ықтималдығы туралы қауіпке байланысты тағы үш мектеп жабылады.
Осылайша қалада жабылған мектептердің саны тоғызға жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Дәрігерлердің айтуынша, тағы екі орта мектеп пен бір католик мектебі 5 оқу күніне жабылады.Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамырдың 17-сіндегі жағдай бойынша әлемнің 39 елінде жаңа тұмау вирусын жұқтырудың 8 мың 480 оқиғасы зерттханалық жолмен қуатталып отырғанын хабарлады. Соңғы ақпараттар бойынша, тұмаудың алғашқы оқиғалары Чили мен Жапонияда пайда болғандығы туралы хабарлар түсуде.