Нью-Йоркте «егіз мұнараның» қалдықтарынан кеме құйылды

АСТАНА.  Қарашаның  3-і. ҚазАқпарат -   Нью-Йорк    айлағына  «Нью-Йорк»  деп аталған  әскери-десант  кемесі     келді.

  Ол  кемені  жасауға 2001 жылы     лаңкестіктің  салдарынан    құлаған   Дүниежүзілік сауда  орталығының «егіз мұнарасының»      құрылғыларынан    құйылған 7,5 тонна    құрыш      пайдаланылған.  Бұл туралы «Азаттық» радиосы  хабарлады.

 Гудзон  өзенімен  жүзіп келіп,    кезінде   «егіз мұнара»    тұрған  Төменгі Манхэттенге  аялдаған  кеменің  20   зеңбірегі       салют берді.     Кемені  қарсы  алу  үшін  жағалауға      қала мэрі  Майкл  Блумдерг  пен       қаза болғандардың  туыстары келді.

 Десанттық кеменің  ұзындығы - 225 метр,  онда  800  теңіз жаяу әскері,    тікұшақтар тобы  және тігінен көтерілетін   ұшақ    орналаса алады.   Команданың 360 мүшесінің  көпшілігі -  нью-йорктықтар.    Кеме  Жаңа Орлеанда   жасалған.