деп хабарлайды ҚР Бас консулдығының баспасөз қызметі.
Голливуд әртісі және режиссер Арманд Ассанте және Қазақстан өкілі Еркен Ялғашевтің бірлесіп түсірген туындысы Қазақстан тарихына, әртүрлі халықаралық қайраткерлердің пікіріне де сүйеніп түсірілген.
Қазақстанға бірнеше рет ат басын бұрған А.Ассантенің айтуынша, оған еліміздің тарихы, егемен елдің қалыптасуы мен бұндағы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орны қатты әсер қалдырған. Сондықтан ол Қазақстан туралы осы фильмді түсіруге бел буған. Режиссер алдағы уақытта да біздің еліміздің қатысуымен үлкен жобаларды жүзеге асырмақшы.
«Нейшнл богемиан холл» кинотеатрында өткен премьерада ине шаншар орын болмаған.