Нью-Йоркте тұрғын үйдің қирауынан шамамен 30 адам жапа шекті, деп жазды РИА Новости .
Осыған дейін Манхэттен ауданында болған жарылыс пен өрт салдарынан бес қабатты ғимарат қираған. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 12 адам жарақаттанды. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр.
Мэр Билл де Блазио осыған дейін мәлім еткендей, жарылыс жұмысшылардың абайсыздық танытып, бірінші қабаттағы газ құбырына зақым келтіруі салдарынан орын алған.