АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Халықаралық қылмыстық синдикаттың мүшелері банктік кіріс карталардың мәліметтер базасын бұзып, бірнеше сағаттың ішінде 45 миллион долларды қолды етті.
Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап ВВС хабарлады.
Аталмыш оқиғаға байланысты алаяқтыққа қатысты бар деген күдікпен Нью-Йоркте 7 адам тұтқынға алынды. Американдық биліктің пайымынша, бұлар қылмыстық синдикаттың шағын бөлігі ғана. Енді қолға алынған тергеу мәліметтерге сәйкес, олардың көшбасшысы шет елде жұмыс істейді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.