Нью-Йоркте иттер көрмесі өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте АҚШ-тың ең беделді Westminster Kennel Club Dog Show иттер көрмесі ашылады.

Бұл көрме Нью-Йоркте 1877 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді, Kentucky Derby белгілі ат бәйгесінен кейін АҚШ-та ертеден келе жатқан спорттық іс-шара болып табылады. Бұл жылы Westminster Kennel Club Dog Show конкурсына елдің барлық түпкірінен, шетелден 3000-дай ит қатысады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.