Нью-Йоркте қағаздан жасалған той көйлектерінің ерекше дефилесі өтті - ФОТО

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йоркте дәретхана қағазынан жасалған той көйлектерінің ерекше дефилесі өтті, деп жазады Лента.ру.

Сайысқа қатысушыларға дәретхана қағазынан бөлек желім, скотч пен жіп пайдалануға рұқсат берілді.

Әр қатысушы қалыңдықтың той көйлегін, бетперде, желек, т.б. тойға қажетті аксессуарларды қағаздан жасады.

Сайыстың бас жүлдесі 10 мың АҚШ долларды 28 жастағы Сьюзан Бреннан алды. Ол көйлек жасау үшін 20 бума дәретхана қағазын пайдаланған екен және оған 1 ай уақытын жұмсапты.