Биіктігі 23 метр, салмағы 13 тонна келетін қылқан жапырақты ағаш Пенсильвания штатының Стейт-Колледж елді мекенінен жеткізілді. Ағаштың жасы 80 жыл шамасында.
NBC телеарнасының хабарына қарағанда, мегаполиске өз ауласындағы ағашты Стейт-Колледж тұрғыны Джейсон Перрин тарту еткен. Рождество мерекесінің бас символы Манхэттеннің орталығындағы Рокфеллер-плаза алаңына қойылды. Алдағы бірнеше күн бойы безендіріліп, 29 қарашадан келер жылдың 7 қаңтарына дейін тұрғындардың игілігінде болады.
Рокфеллер-плаза алаңына Рождество шыршасын орнату идеясы 1933 жылы пайда болды. 1997 жылдан бері Нью-Йорк бас шыршасының мерекелік салтанаттары тікелей эфирде трансляцияланып келеді.