Төрт қыз қаза тапты, екеуі ауыр жарақаттанды, деп хабарлады РИА Новости.
Полиция ақпаратынша, оқиға жергілікті уақытпен шамамен сағат 18.00-де Катчог (Cutchogue) округінде болған. Қыздар отырған лимузин Лонг-Айленд аралындағы кештен келе жатқан. Билік деректері бойынша, ажал құшқандардың ішінде Нью-Йорк қаласының тұрғындары бар. Пикап жүргізушісі мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталды.