Нью-Йоркте қайта қалпына келтірілген Бостандық мүсінінің салтанатты ашу рәсімі өтеді

АСТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат - Америкадағы Бостандық мүсіні қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін 28 қазанда ашылады.

1 жыл бойы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген танымал мүсіннің салтанатты ашылуы Бостандық аралында орнатылған ескерткіштің 126 жылдығына орай өткізіледі.

Оны жөндеуге 30 млн. АҚШ доллар жұмсалды. Естеріңізге сала кетейік, ескерткіш 1886 жылы 28 қазанда француздар тарапынан Америкадағы төңкерістің 100 жылдығына орай  сыйға тартылған болатын.