Бұл ақпарат ресми түрде расталмады. Сонымен қатар, билік жарылысқа тұрмыстық газдың шығуы себеп болды деген болжамды алып тастады.
БАҚ жарылыс болуы ықтимал қоқыс жәшігінің суретін таратты. СNN атап өткендей, жарылғыш заты соның ішінде қойлған болуы мүмкін.
Еске сала кетсек, Манхэттен көшесінде жарылыс болды. Әзірге оның себептері белгісіз. Құқық қорғау органдары қала тұрғындарына қауіпті орамға бармауын сұрады. Жарылыс болған аумақ қоршауға алынып, сол жерге жедел жәрдем қызметі мен өрт сөндірушілер жіберілді.
ABC телеарнасы қалалық өрт сөндіру басқармасындағы дереккөзіне сілтеме жасай отырып 15 адамның зардап шеккенін хабарлайды. Ал жергілікті PIX11 телеарнасының мәліметіне жүгінсек, жарылыс салдарынан 26 адам болмашы ғана жарақат алған.
Әлеуметтік желіге салынған суреттерден жарылыс салдарынан сол маңдағы көліктердің терезелері қирағанын көруге болады.