Бұл туралы жексенбі күні New York Post газеті хабарлады. Қаланың құқық қорғау органдарының дерек көздеріне сүйенген басылымның хабарлауынша, тәркіленген қарулардың жартысынан астамы мектепке кірер жерде орнатылған металл детектордың көмегімен алынған.
Күзетшілер мен полицейлер балалардан көбінесе пышақ табады. Алайда олардың сөмкелерінен кей жағдайларда электр шокерлер пен пневматикалық тапаншалар да шығып жатады. Өткен жылы мектепке қару әкелген оқушының жасы небәрі 10-да ғана болған. Ал 2013 жылдың қаңтарында Квинс ауданында екінші сынып оқушысы жартылай автоматтық тапаншамен келген.