Сарапшылардың пікірінше, мұнай құнының осылай бірден күрт көтеріліп, жанар-жағар майдың бағасының өсуіне ең бірінші АҚШ үкіметінің елдегі мұнай шикізаты көлемінің азаюы туралы жасаған баяндамасы себепші болып отыр, деп жазады "Вести.ру" порталы.
Қара алтынды жеткізу келісім-шарты ақпан айында жұмыс аяғының аяғында барреліне 90,48 долларға жетті. Бұл 2008 жылдың қазан айының басынан бергі ең жоғары баға болып табылады.
АҚШ-тың энергетика министрлігінің мәліметтері бойынша, өткен аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда елдегі мұнай шикізатының қоры 5,3 миллиона баррельге азайғандығы айтылады. Бұл сарапшылардың алдын ала болжағандарынан екі есе төмендегені қатты ойландыруда.