Нью-Йоркте мұнай бағасы 70 доллардан асты

АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында қыркүйектің 15-індегі сауданың қорытындысы бойынша мұнайдың әлемдік бағасы әр бағытта өзгерді,

 деп  хабарлайды  РБК  агенттігі.

Алдағы   айда жеткізілетін  мұнай  фьючерстерінің  ресми  бағасы:   Лондон биржасында - IPE Brent Crude  маркалы мұнай  үшін - 0,09 долларға  қымбаттап, 67,35 доллар/баррельді құраса,  Нью-Йорк биржасында - Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнай  үшін - 2,07  долларға   қымбаттап,  70,93 доллар/баррельді  құрады.