Талдаушылардың пікіріне қарағанда, саудаға қатысушылар алдыңғы күнгі жаппай құлдыраудан кейінгі бағамның қайта өсе бастауы қор рыногына жағымды әсер беруде. Сондай-ақ, сарапшылар экономикадағы жағдай өзгеріске ұшырамаса, онда алдағы уақытта мұнай бағасы біртіндеп көтеріле бастайды, деп есептейді.
Dow Jones индексі, сауда қорытындысы бойынша елдегі іскерліктің жетекші көрсеткіші 19,61 пункттен (0,20%) 10.060,06 пунктке дейін өсті. S&P-500 (АҚШ рыногындағы ең ірі 500 компанияны қосады) күн соңына қарай 3,46 пунктке (0,33%) өсті. Жоғары технологиялық фирмалардың көпшілігінің акциясын біріктіретін NASDAQ электрондық биржасының композиттік индексі 17,78 пункттен 2.141,54 пунктке дейін өсті. Қор рыногының көтерілуіне алдымен технологиялық сектор түрткі болды.