Нью-Йоркте Н.Назарбаевтың мемлекеттер және халықаралық ұйымдар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізуі жоспарлануда
00:27, 21 Қыркүйек 2011
ТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Нью-Йоркке жұмыс сапарымен келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 66-сессиясының жалпы жарыссөзіне, ядролық қауіпсіздіктің жоғары деңгейдегі отырысына қатысады және жұмыс сапары ауқымында бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.