Нью-Йоркте шағын ұшақ тасжолға қонуға мәжбүр болды - ВИДЕО

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Абырой болғанда, ұшқыш пен 3 жолаушы жарақат алмаған. Тек біреуіне дәрігерлік көмек көрсетілді. Олар әуе кемесі жерге табан тіреген соң, өз бетінше сыртқа шыққан. Төтенше жағдайдан кейін тасжолдың бойында көлік кептелісі пайда болды. Қазір мәжбүрлі қонудың себептері анықталған жоқ, деп хабарлады 24.kz.