Нью-Йоркте «Сталинге сыйлық» қазақстандық фильмі көрсетілді
10:44, 26 Қаңтар 2009
ВАШИНГТОН. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі Линкольн-орталықта өтіп жатқан еврей киносының апталығы аясында қазақстандық режиссер Рүстем Әбдіраштың «Сталинге сыйлық» фильмі көрсетілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Елшілігіне сілтеме жасап. Фильмде көрсетілген оқиғалар 1949 жылы, кезекті сталиндік қуғыннан кейін бүкіл Кеңес Одағынан адамдар Қазақстанға жер аударылған жылдары орын алған. Жол шолушысы Қасым құтқарып және асырап алған Саша есімді еврей баласының өмірі, сол бір қуғын-сүргін кезінде өмір сүрген көптеген адамдардың тағдыры сияқты, қайғыға және азапқа толы. Нью-Йорк көрермендері фильмді түсірушілер мен басты рөлді сомдағандардың шеберліктеріне жоғары баға берді. Көрсетілімнің алдында Қазақстан Елшісі Ерлан Ыдырысов сөз алды. Қазақстан Елшілігінің бастамашылығымен кеш қонақтарына Израильдің Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ран Ишайдың қазақ пен еврей халықтарының арасындағы көпғасырлық қарым-қатынастары баян етілген «Достық-Friendship» кітабы таратылды.